Түрік теңіз күштері 36 келімсекті құтқарды

Күчүккую ауданындағы теңіз қауіпсіздік бөлімшесіне әкелінген келімсектерге ыстық тамақ пен киім таратылды.

1431704
Түрік теңіз күштері 36 келімсекті құтқарды

Грекияның Лесбос аралына бару үшін Айваджык жағалауынан үрлемелі қайықпен жолға шыққан келімсектер грек теңіз айдынында тоқтатылды. 

Әртүрлі ұлт өкілі 36 адам мінген үрлемелі қайықтағы келімсектер түрік теңіз күзетшілерінен жәрдем сұрады.

Дрондармен жері анықталған соң аймаққа бағытталған Теңіз күштері қолбасшылығы жасақтары Бабакале ауылы маңында 36 адамды құтқарды.

Күчүккую ауданындағы теңіз қауіпсіздік бөлімшесіне әкелінген келімсектерге ыстық тамақ пен киім таратылды.



Ұқсас жаңалықтар