Фахреттин Алтун АҚШ-тағы оқиғаларды бағалады

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун видео көрініс жариялады.

1430977
Фахреттин Алтун АҚШ-тағы оқиғаларды бағалады

Президенттік аппараттың Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун АҚШ президенті Дональд Трамптың Африка текті американдық Джордж Флойдтың өлімімен басталған шерулердің артынан «террор ұйымы» деп атаған Антифаның нағыз жүзін көрсеткенін мәлімдеді.

Алтун твиттер парақшасынан Антифаның «АҚШ-та қақтығысқа айналған наразылық шерулеріне араласқанын» атап, видео көрініс бөлісті.

Фахреттин Алтун «Сириядағы террористтік топтармен ынтымақтасып, бүкіл әлемде қарулы шабуылдар жасайтын Антифаның нағыз жүзін көрсеткенін» білдірді.

Видеода «Антифа мен PKK/YPG террор ұйымы арасындағы байланысқа» назар аударылды.

Антифаның бейбіт шерулерді хаос шығару мақсатты өз мүддесіне айналдырып қолданғаны атап көрсетілген мәлімдемеде Анкараның «радикал солшыл» және «анархиялық» бұл ұйымның НАТО одақтасы АҚШ-тағы «зиян келтіруші шабуылдары» және «Түркияның ұлттық қауіпсіздігін нысанаға алған террор ұйымдарымен байланысының» уайымдарды арттырғанына назар аударылды.

Антифаның PKK-мен бірдей идеологияны бөліскені айтылған видеода PKK-ның Сириядағы тармағы YPG-нің көптеген Антифа мүшесін жаттықтырғаны да байқалады.



Ұқсас жаңалықтар