Батыс елдерінде коронавирус

Өлім-жітім әлем көлемінде 382 мың 920-дан асты.

1428323
Батыс елдерінде коронавирус

Коронавирус (Covid-19) салдарынан өлім-жітім әлем көлемінде 382 мың 920-дан асты. Расталған оқиға саны да 6 миллион 475 мың болып, жазылып кеткендер саны 3 миллион 83 мыңға жақындады.

Эпидемияның Еуропадағы орталығы Ұлыбританияда қайтыс болғандар саны соңғы 1 тәулікте 324-ке көбейіп, 39 мың 369-ға жетті. Оқиға саны болса мың 613 артып, 277 мың 985-ке өсті. 

Италияда коронавирус салдарынан бір күнде қайтыс болғандар саны 55-ке көбейіп, өлім-жітімнің жалпы саны 33 мың 530-ға жетті. Вирус жұқтыру оқиғасы болса 318 артып,  233 мың 515-ке болды. 

Францияда коронавирус себебімен соңғы 24 сағатта ауруханаларда 107 адам қайтыс болып, өлім-жітім 28 мың 940-қа өсті. Оқиға саны болса 188 мың 829 болып тіркелді.

Испанияда Денсаулық сақтау министрлігі Covid-19 cалдарынан соңғы 48 сағатта елде ешкімнің қайтыс болмағанын жариялады. 

Португалия үкіметі болса Covid-19 cалдарынан 12 адамның қайтыс болғанын, эпидемиядан көз жұмғандар санының мың 432-ге жеткенін жариялады. Бірдей мерзімде 195 жаңа оқиға анықталғаны, оқиға санының 32 мың 895-ке жеткенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар