Түркия мен Ресей вакцинада бірге жұмыстанады

Түркия Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Емине Алп Меше мен Роспотребнадзор төрайымы Анна Попова видео конференция арқылы сөйлесті.

1422319
Түркия мен Ресей вакцинада бірге жұмыстанады

Түркия мен Ресей коронавирус вакцинасын жетілдіру мақсатымен бірігіп жұмыстану тақырыбында ақылдасуды бастады. 

Ресей Адам денсаулығы және тұтынушы құқықтарын қорғау қызметі (Rospotrebnadzor) хабарлама жариялап,  Түркия Денсаулық сақтау министрінің орынбасары Емине Алп Меше мен Роспотребнадзор төрайымы Анна Попованың видео конференция арқылы сөйлескенін білдірді.  Лауазым иелері Covid-19-бен күрес,  вакцина және дәрі жетілдіру тақырыптарында сөйлесті. 

 Кездесуде Ресей мен Түркиядағы эпидемия жағдайы қолға алынып, коронавирусқа қарсы вакцина,  дәрі жетілдіру тақырыптары қарастырылды. 

Хабарламада: “Түрік жағы Covid-19 вакцинасы жетілдіру тақырыбынла бірігіп жұмыстануға дайын екенін атап көрсетті.  Сонымен бірге орыс және түрік ғалымдар мен мамандар арасында осы тақырыпта информация алмасуға да шешім қабылданды” деп айтылды.



Ұқсас жаңалықтар