Алтун коронавируспен күресте табысқа жеткенімізді айтты

Алтун Вашингтон Таймс газетіне "Түркияның стратегиясы жаңа типті коронавирустың бағытын өзгертті" деген тақырыпта мақала жариялады.

1421397
Алтун коронавируспен күресте табысқа жеткенімізді айтты

Коммуникация басқармасының төрағасы Фахреттин Алтун Вашингтон Таймс газетіне "Түркияның стратегиясы жаңа типті коронавирус (Covid-19) індетінің бағытын өзгертті" деген тақырыпта мақала жариялады. 

Түрік елінің жаһандық денсаулық сақтау қызметтерін барлық азаматтарына ақысыз ұсынғанына назар аударған Алтун кезінде денсаулық саласындағы инфрақұрылымға салынған инвестицияның қарымжысын соңғы процесте көргендерін айтты.

Басылған қадамдармен індеттің беталысын өзгерткендерін, жаңа оқиғалардың арту жылдамдығы алғашқы оқиға тіркелген наурыз айынан бергі ең төменгі сатыға түскенін  білдірген Алтун емханадан сауығып шыққандар саны жаңа тіркелген оқиға санынан асқанын атап көрсетті.

Алтун Түркияның індеттің әсеріне ұшыраған Италия, Испания, Иран, Косово, Босния Герцеговина, Черногория, Солтүстік Македония сияқты көптеген елге жәрдем жасағанын білдірді.     



Ұқсас жаңалықтар