Калын YouTube-та тікелей эфирге қатысты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын күн тәртіпті бағалады.

1419244
Калын YouTube-та тікелей эфирге қатысты

Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын жаңа тип коронавируспен (Сovid-19) күресте әлсіздігі байқалған халықаралық ұйымдардың ықпалының одан көп сынға алына бастағанын атап көрсетті.

Ибрахим Калын YouTube арнасынан тікелей эфирге қосылып, күн тәртібін бағалады.

Калын Түркияда денсаулық сақтау шаралары, мекемелік тәртіп, азық-түлік саласы, қатынас және коммуникация салаларында Түркия салған инвеситициялардың Сovid-19 эпидемиясы кезеңінде болымды нәтиже бергенін түсіндірді.

Еуропада эпидемия жағдайының Еуроодақ түсінігі мен ынтымақтастық рухын әлсіреткенін тілге тиек еткен Калын Еуроодақ түсінігі тақырыбында өзара күдіктің артқанын, бұл эпидемияға қарсы әлсіздік көрсеткен Еуроодақ елдері арасында пікірталастардың артқанын мәлімдеді.

Калын «Бұл кезеңде БҰҰ-ның ықпалы мен заңдылығы күн тәртіпке тағы бір рет келді. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы (ДДСҰ) және Ислам Ынтымақтастық ұйымы (ИЫҰ) қаншама ықпалды? Үлкен жиырмалық тобы елдерінің құрылымы да сынға алынуда. Бұл сынға алу бұдан кейінде жалғасатын көрінеді» деді.

Калын АҚШ президенті Дональд Трамптың Сovid-19 эпидемиясын «Қытай вирусы» деп атауының АҚШ пен Қытай арасында ұзақ уақыттан бері жалғасқан сауда дағдарысының көрінісі екенін атап көрсетті.

Сovid-19 эпидемиясының әлемде нәсілшілдікті асқындырғанын ескерткен Калын әсіресе АҚШ-та соңғы кездері қару саудасының ішкі нарықты жандандырғанын, кейбір аймақтарда этникалық топтарға қарсы сөйлемдер мен нәсілшіл ұстанымдардың арттырғанын ескертті.



Ұқсас жаңалықтар