Ердоған Ораза айтта көшеге шығуға тыйым салынатынын айтты

"Болымсыз оқиғалар туылса, кейбір сақтық шараларын қатаң түрде атқаруымыз мүмкін" деп ескерту жасады Президант.

1419567
Ердоған Ораза айтта көшеге шығуға тыйым салынатынын айтты

Президент Режеп Тайып Ердоған 23 мамыр ғарафа күнінен бастап, Ораза айт болатын 24-26 мамыр күндері бойынша барлық қалада көшеге шығуға тыйым салынатынын жариялады.

Президент Ердоған 8-ші мәрте видео конференция жолымен ұйымдастырған кабинет жиналысынан кейін мәлімдеме жасады.

Ердоған Түркияның жаңа типті коронавирус (Сovid-19) індетімен күресінің табыспен жалғасқанын, емделіп жатқан науқас саны азайғанын, қалыпқа түсу күн тәртібінің осы санды мәлімет нолге түскенде ғана мүмкін екенін атап көрсетті.

"Болымсыз оқиғалар туылса, кейбір сақтық шараларын қатаң түрде атқаруымыз мүмкін" деп ескерту жасады Президант.

Жаһандық өреде әсерлі болған эпидемия қаупінің толық жойылуы оқиғаның күллі әлемде аяқталуым мүмкін екенін айтқан Ердоған:

"Түркияда жылдар бойы шекарамызды жауып, күнделікті тұрмысызды тоқтатып, індетттің жоғалуын күте алмаймыз" деді және қалыпқа түсудің келер ай іске асуы мүмкін екенін білдірді.

Президент Режеп Тайып Ердоған Ораза айт болатын 24-26 мамыр күндері бойынша және ғарафа күнінен бастап барлық қалада көшеге шығуға тыйым салынатынын жариялады.

Жаңа білім беру жылының қыркүйек айына кешіккенін білдірген Ердоған жамағатпен бірге намаз оқудың 29 мамырда қағидаларды атқару арқылы басталатынын атап көрсетті.    



Ұқсас жаңалықтар