Түркия Ирактың жаңа үкіметін құттықтады

Түркия Иракта Мұстафа әл-Казими құрған кабинеттің Мәжілістен сенім дауысын алғанына ризалық білдірді.

1412992
Түркия Ирактың жаңа үкіметін құттықтады

Түркия Иракта Мұстафа әл-Казими құрған кабинеттің Мәжілістен сенім дауысын алғанына ризалық білдірді.

Сыртқы істер министрлігінен жасалған жазбаша мәлімдемеде:

"Иракта жаңа үкіметтің Ирак Өкілдер Мәжілісінен сенім дауысы алғанына риза болдық. Әлемнің басынан өтіп жатқан қазіргі ауыр кезеңде шешуші жауапкерлік арқалаған премьер-министр Мұстафа Казимиге табыс тілейміз" деп көрсетілді. 

Жаңа үкіметтің дос және бауырлас Ирак халқымен бірге барлық топтарды құшақтайтынына, халықтың заңды талаптарын қамдайтынына және аймақтағы тұрақтылыққа есе қосатын қадамдар басатынына деген сеніміміз тілге тиек етілді.

Мәлімдемеде:

"Ирактың бұрынғы үкіметтерімен болғанындай, жаңа үкіметпен де ортақ мүдделер негізінде қауіпсіздік, сауда, инвестиция және қайта құру тақырыптарында ынтымақастық түсінігімен жұмыстануға дайынбыз" деп көрсетілді.



Ұқсас жаңалықтар