PKK/YPG-лік 3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Ішкі істер министрлігі террормен күрес операциялары жайлы мәлімдеме жасады.

1409500
PKK/YPG-лік 3 террорист қауіпсіздік күштеріне берілді

Полиция бас дирекциясы мен Ұлттық Барлау Ұйымының террористтерге бағытталған ортақ көндіру жұмыстары нәтижесінде кеше PKK-ның Сириядағы тармағы PYD/YPG-лік 3 террорист берілді.

Ішкі істер министрлігі жасаған мәлімдемеге қарағанда бөлшектеуші террор ұйымынан қашып берілгендер саны артуда.

Бұл аяда PYD/YPG-лік G.D, E.Y. және N.M. атты террористтер қауіпсіз күштеріне берілді.

Көндіру әдісімен берілген террорист саны 1 қаңтар күнінен бері 75-ке ұласты.

Сирияның солтүстігіндегі террор ұйымынан қашқан PKK/YPG-лік 3 террорист Мардиннің Кызылтепедегі шекарада қауіпсіздік күштеріне берілді.

Басқа жағынан Ұлттық барлау ұйымы тарапынан Ирактың солтүстігіндегі Гара аймағына жасалған операцияда PKK/KCK-лық 2 террорист залалсыздандырылды.



Ұқсас жаңалықтар