Түркияда коронавирустан туындаған өлім-жітім саны азайып келеді

Соңғы бір тәулікте 89 адам қайтыс болып,  қайтыс болғандар жалпы саны 3 мың 081-ге жетті.

1407925
Түркияда коронавирустан туындаған өлім-жітім саны азайып келеді

Түркияда коронавирустан туындаған өлім-жітім саны азайып келеді. 

Соңғы бір тәулікте 89 адам қайтыс болып,  қайтыс болғандар жалпы саны 3 мың 081-ге жетті. 

Осы мерзімде 43 мың 498 сынама жүргізіліп,  2 мың 936 адамға коронавирус диагнозы қойылды. 

Айығып шыққан 5 мың 231 адамды қосқанда, сауыққандар саны 44 мың 022 болды. 

Осы арада ТР Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Ғылыми кеңес жиналысынан кейін мәлімдеме жасады. 

Covid-19-дан қайтыс болғандардың мөлшерлемесінің он пайызға дейін төмендегенін атап көрсеткен министр “Түркияның осы емтиханнан сүрінбей келе жатқанын” айтты. 

“Бізді бұл деңгейге сақтық шараларға бағыну және мұқият болу алып келді” деді ол. 

Эпидемияның шарықтау шегіне келгенін айтқан министр Кожа “Төмендей бастағанын да көріп отырмыз,  бірақ мұның түбегейлі болуы- маңызды” деді. 

Кожа осы процесте 7 мың 428 медициналық қызметкердің вирусты жұқтырып алғанын,  мұның барлық оқиғаның 6,5 пайызын құрайтынын білдірді.



Ұқсас жаңалықтар