Президент Швециядағы Лейламен сөйлесті

Президент  кеше Швециядан елге жеткізілген Эмруллах Гүлүшкеннің қызы Лейламен телефон арқылы сөйлесті.

1405731
Президент Швециядағы Лейламен сөйлесті

Президент  Режеп Тайып Ердоған кеше Швециядан елге жеткізілген Эмруллах Гүлүшкеннің қызы Лейламен телефон арқылы сөйлесті. 

Ердоған әлеуметтік желіде: “Бүгін Швециядан елімізге жеткізілген Эмруллах Гүлүшкеннің қызы Лейламен сөйлестім.  Оның бақытын бөлісуді бізге де нәсіп еткен Аллаға шүкір. Мемлекетіміз - ұлтымыздың жанында. Азаматы шетелде болса да, оны еш жалғыз қалдырмайды” деп жазды.

Ердоғанның жазбасында телефон әңгімесінің видеосы да жарияланды. Лейланың жағдайы сұраған президент Ердоған: “Әкеңіз Түркияға келіп жетті.  Бұдан кейін дәрігерлер жақыннан бақылайды. Енді сенімді жерде. Медицина саласында Түркия әлемнің санаулы елдерінің бірі. Уайымдамаңыз.” деді. 

Лейла Гүлүшкен де президент Ердоған мен Түркияға сенетінін айтып, алғыс білдірді.



Ұқсас жаңалықтар