Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 100 жылдығы тойлануда

мМәжілістегі Ататүрік ескерткішінің алдында рәсім ұйымдастырылды.

1403888
Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің 100 жылдығы тойлануда

23 сәуір Ұлттық егемендік және Балалар мерекесі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіміздің 100 жылдығына орай Мәжілістегі Ататүрік ескерткішінің алдында рәсім ұйымдастырылды. 

Рәсімде ТҰҰМ төрағасы Мұстафа Шентоп Ататүрік ескерткішіне гүл шоқтарын қойып, артынан үнсіз еске алу болды. Ұлттық ән ұран шырқалды.  Артынан Мәжіліс төрағасы Шентоп басшылығындағы делегация Анытқабірдегі рәсімге қатысты. 

Рәсімде Шентоппен бірге Президент орынбасары Фуат Октай, саяси партия басшылары мен кейбір министрлер орын алды. Шентоп Мисак-ы Милли мұнарасындағы Анытқабір арнайы дәптеріне қол қойды. 

Ұлттық Білім беру министрі Зия Селчук 23 сәуір Ұлттық егемендік және Балалар мерекесі мен Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісіміздің 100 жылдығына орай Анытқабірге барды. 

 Мисак-ы Милли мұнарасында Анытқабір арнайы дәптеріне қолтаңба қалдырған министр дәптерге әрбір баланың өміріне әсер ету үшін бар күшімен жұмыстанғандарын,  осы санамен оларды ұлттық және рухани құндылықтарына берік, ғаламдық құндылықтарға ашық,өз дәуіріне бағыт беретін білім мен қабілетке ие, ойы еркін, ұжданы еркін ұрпақтар ретінде жетілдіру үшін талпынатындарын жазды.



Ұқсас жаңалықтар