Сауығып шыққандар науқастарға үміт болуда

Түркияда "иммундық плазма" әдісі қолданыла бастады.

1401773
Сауығып шыққандар науқастарға үміт болуда

Измирде Эгей Университеті емханасында коронавирустың жаңа түріне қарсы “иммундық плазма” әдісімен емдеу басталды. 

Эгей Университетінің ректорының орынбасары Проф. Кутсал Турхан аурудан сауығып шыққан кісілердің қанында вирусты жеңуді үйренген антидене болатынын, осыларды сауыққан адамдардың қанынан алып,  науқастарды емдеуден тұратын “иммундық плазма” әдісінің игеріле бастағанын білдірді. 

Турхан өткен жұма күні емі аяқталып,  соңғы екі сынамасы негатив шыққан екі пациенттің плазмаларының алынып, жан сақтауда жатқан екі науқасқа қолданылғанын,  науқастардың жағдайының жақсара бастағанын айтты. 

Турхан бұрын вирус жұқтырып, артынан сауығып шыққандардың 14 күннен кейін қан беруіне болатынын атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар