Ердоған жаңа қалалық аурухананың ашылу рәсімінде үн қатты

Президент Ердоған Стамбул Башакшехир қалалық ауруханасының ашылу рәсіміне қатысты.

1401808
Ердоған жаңа қалалық аурухананың ашылу рәсімінде үн қатты

Президент Режеп Тайып Ердоған халықаралық мекемелер мағынасын жоғалтқан бір кезеңде Түркияның өзі-өзіне жеткенін және әлемге күшін көрсеткенін атап айтты.

Президент Ердоған Стамбул Башакшехир қалалық ауруханасының ашылу рәсімі мен отандық тыныс алу аппараттарын (вентилатор) табыстау бағдарламасына қатысты.

Президент осында жасаған баяндамасында мемлекет және жекеменшік сала ортақтығымен жүзеге асқан жоба аясында салынып ашылған қалалық аурухана санының 10-ға жеткенін атап, «Бүгін 500 толық жабдықталған транспорт және 19 әуе көлігімен заманауи бір жедел құтқару флотымыз бар. Түркия денсаулық сақтау қызметі саласында дастан жазды. Коронавирус эпидемиясының артынан құрылатын жаңа әлемдік тәртіпте лайықты орын алу үшін бәріміз одан көп жұмыстанамыз. Әлем жеткілікті винтилаторға қол жеткізе алмай отыр. Біз бұл кезеңнен табысты түрде өттік» деді.

Ердоған «Жаңа кезеңде жаңа инвестициялар және жаңа қызметтер арқылы елімізді одан жоғары сатыға көтереміз» деді.



Ұқсас жаңалықтар