Түркиядан Ұлыбританияға медициналық көмек

Түркия "Сovid-19" эпидемиясымен күрес аясында Ұлыбританияға медициналық көмек жолдады.

1395218
Түркиядан Ұлыбританияға медициналық көмек

Медициналық пакеттерді тасымалдаған әскери жүк ұшағы Лондонға қонды. 

Денсаулық сақтау министрлігі дайынаған N95 маскалар мен арнайы сақтандыру киімінен тұратын көмек бас қала Анкарадағы Этимесгут әуе жайынан «A400M» типі әскери жүк ұшағымен жіберілді.

Ұшақтағы пакеттерідің үстінде түрік және ағылшын тілдерінде Мәулана Джелалледдин-и Румидің «Үмітсіздіктің артында қанша үміт бар. Түнектің артында қанша күн бар» сөздеріне орын берілді.

Ұлыбританияға ертең де медициналық материал жіберілуі күтіледі.

Түркия қазірге дейцін Италия, Испания, Солтүстік Македония, Черногория, Сербия, Босния-Герцеговина және Косовоға медициналық көмек жіберген болатын.



Ұқсас жаңалықтар