"Эпидемиядан кейінгі жағдайға дайындалу керекпіз"

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Кеңесі саммитіне видео конференция арқылы қатысып, баяндама жасады.

1395431
"Эпидемиядан кейінгі жағдайға дайындалу керекпіз"

«Түрік Кеңесі ретінде эпидемиядан кейінгі жағдайға дайындалу керек».

Президент Режеп Тайып Ердоған Түрік Кеңесі ретінде жаңа коронавируспен (Сovid-19) күресті күресті жалғастыра отырып, сонымен қатар эпидемиядан кейінгі жағдайға дайындалу керектігін айтты.

Президент Ердоған Түркітілдес мемлекеттер ынтымақтастық кеңесінің (Түрік Кеңесі) «Совид-19-бен күресте ынтымақтастық пен қабылданатын шаралар» тақырыпты кезектен тыс саммитіне видео конференция арқылы қатысып, баяндама жасады.

Бүкіл адамзат бірігіп көрінбейтін дұшпанға қарсы күрделі бір соғыс жүргізіліп жатқанын айтқан Ердоған Түрік Кеңесі саммитінің коронавирус эпидемиясымен  күресті күшейтетінін тілге тиек етіп, «Мен бұл кезеңнен күшейіп шығатынымызға сенемін» деді.

Түркия ретіне вирус тарап бастаған күннен бері бүкіл шараларды қабылдап, іске қосқандарын білдірген Ердоған қазірге дейін үлкен бір проблемаға душар болмағандарын атап көрсетті.

«Өз қажеттіліктерімізді қамтамасыз етуге қоса, соңына дейін шыдап бауырларымызды жалғыз қалдырмауға тырысудамыз. Сізден келетін талаптарды біз үшін алдынғы қатарда» деген президент эпидемияның ыпалымен жаһандық деңгейде әлеуметтік-экономикалық бір дағдарыспен бетпе-бет екендерін жеткізді.

Қатынас, кеден, шеқаралардан өту сияқты салаларда халықтың денсаулығын бақылау арқылы ең практикалық шешімдерді іске асыру қажеттілігін баса айтқан Ердоған мүше елдердің көлік және сауда министрлерін видео конференция арқылы жинауды ұсынды.

«Коронавируспен соғыста әрине жеңіске жетеміз» деген Ердоған «Күресімізді жалғастыра отырып, біз эпидемиядан кейінгі жағдайға дайындалу керекпіз. Денсаулықтан саудаға, экономикадан қоғамдық психологияға дейін ынтымақтастық тәсілдерінің бағыттарын анықтай отырып, тез арада қажетті қадамдар жасауымыз керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар