Президент Ердоған халыққа үндеу жолдады

Президент Режеп Тайып Ердоған «Біз бізге жетеміз Түркия» деген ұранмен ұлттық ынтымақтастық науқанын бастады.

1387900
Президент Ердоған халыққа үндеу жолдады

Президент Ердоған кабинет отырысының артынан халыққа үндеу жолдады.

Бүкіл әлемге ықпал еткен жаңа тип коронавирус (Covid-19) эпидемиясы алдында қабылданған шаралар себепті төмен табысты азаматтарға қосымша қолдау көрсету мақсатты «Біз бізге жетеміз Түркия» ұранымен ұлттық ынтымақтастық науқаны бастағандарын жариялаған Ердоған «Мен науқанды 7 айлық жалақымды беру арқылы ашамын» деді.

Кабинет жиналысы кезінде министрлердің де науқанды қолдағанын атап көрсеткен президент Ердоған ең үлкен қолдауды іскерлер мен қамқоршылардан күткендерін білдірді.

Ердоған «Ауыл басшыларымызды да іске қоса отырып, біз жиналған ақшаның мұқтаждарға жеткізілуін қамтамасыз етеміз» деді.

«Ешбір вирус біздің бірлігімізден, ынтымақтастығымыздан, бауырластығымыздан мықты емес» деген Ердоған Түркияның денсаулық инфрақұрылымы, қызметкер, дәрі-дәрмек пен материал, реанимациялық төсек жағдайы тұрғысынан басқа елдермен салыстырғанда жақсы екенін айтты.

«Эпидемияның алғашқы күннен бастап, Ғылыми кеңесіміздің ұсыныстары бойынша денсаулық шаралары толығымен іске асырылады» деген Ердоған «Еліміз қажетті барлық азық-түлік материалдарын өзі өндіргендіктен әрі қорларымыз, әрі жеткізілім жұмыстарымыз қажеттілігімізді қамтамасыз ететін деңгейде» деп мәлімдеді.

Қабылданған шаралардың мемлекет пен халықтың қасында екенін көрсеткенін атап айтқан Ердоған «Ешбір ауру жарқын болашағымызға кедергі бола алмайды. Өйткені біз Түркиямыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар