Президент ұлтқа жолдау жариялады

Ердоған коронавирустың жаңа түрімен күрес шеңберінде қолданылған шараларға байланысты ұлтқа жолдау жариялады.

1385200
Президент ұлтқа жолдау жариялады

Президент Режеп Тайып Ердоған жаңа типтегі коронавируспен күрес шеңберінде қолданылған шараларға байланысты  “Аурудың таралу жылдамдығын 2-3 аптада тоқтатып, процестен мүмкіндігінше тез уақытта және мүмкіндігінше аз зиянмен шығамыз” деді. 

Президент Ердоған коронавирустың жаңа түрімен күрес шеңберінде қолданылған шаралар және қазіргі жағдайға байланысты ұлтқа жолдау жариялады. 

“Түркия - ауру бірінші рет шыққан күннен бері оқиғаларды жақыннан қадағалап, шараларды уақытында қабылдаған сирек елдердің бірі” деді ол. 

Түркиядағы медициналық қызметтің сапасы және әлеуеті тақырыбында ешкімнің күдігі болмауын сұраған президент барлық сценарийлерге қарсы дайындық жасалғанын айтты. 

“Жоспарлы оқшаулану арқылы аурудың таралу жылдамдығын 2-3 аптада тоқтатып,  процестен мүмкіндігінше тез уақытта және мүмкіндігінше аз зиянмен міндетті түрде шығамыз. Әйтпесе төңіремізде көптеген мысал көріп отырғанымыздай ауыр қорытындымен және осыған байланысты ауыр сақтық шараларымен бетпе-бет қаламыз” деді ол. 

Президент әлеуметтік желіден ұлтқа жолдау бейне көрінісін жариялады.  Ол “Ешбір жау ұлтымызың бірлігінен, тұтастығынан, күшінен, ерік-жігерінен мықты емес. Осы коронавирус қаупін де бірлік ішінде жеңеміз” деп жазды.



Ұқсас жаңалықтар