Армияда "Коронавируспен күрес орталығы" құрылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігінде індетке байланысты шаралары басқарып және бақылап отыратын "Коронавируспен күрес орталығы" құрылды.

1384315
Армияда "Коронавируспен күрес орталығы" құрылды

Ұлттық Қорғаныс министрлігінде жасақтар мен базалардағы індетке байланысты алдын алу шаралары жұмыстарын басқарып және бақылап отыратын "Коронавируспен күрес орталығы" құрылды.

Денсаулық Қызметтері бас директорлығына қарасты денсаулық қызметкерлері мінтдет атқаратын орталықта зерттеу жүргізген Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар:

"Әскерлеріміздің қауіпсіз екенін әке-шешелері біліп отырсын деп ойладық. Әскерлеріміздің қауіпсіз болуы үшін күндіз-түні жұмыстанып жатырмыз. Қазірге дейін оқиға тіркелген жоқ. Бұдан былай да әрқандай қауіпке мүмкіндік бермей, міндетімізді жалғастырамыз" деді.

Министр Акар Бас Штаб төрағасы генерал Яшар Гүлер және Армия қолбасшыларымен телеуконференция әдісімен кездесу өткізіп, әрі алдын алу шаралары, әрі бұдан былайғы іс-шаралар жөнінде мәлімет алды, бұйрықтар берді. 



Ұқсас жаңалықтар