Түркия мен Грузия Сарп шекара қақпасын уақытша жабады

Түркия мен Грузия Сovid-19-ке қарсы күрес аясында Сарп шекара қақпасын жабуға шешім қабылдады.

1378278
Түркия мен Грузия Сарп шекара қақпасын уақытша жабады

Түркия мен Грузия бүгінен бастап Сарп шекара қақпасын екі жақты уақытша жолаушы қатынасына жабады.

Ішкі істер министрлігінен жасалған мәлімдемеге қарағанда Түркия мен Грузия коронавирус (Сovid-19) індетіне қарсы қабылданған шаралар аясында екі ел арасындағы қазіргі үш шекара қақпасынан бірі ретінде Сарп шекара қақпасын жолаушы қатынасына жабуға шешім қабылдады.

Сарп/Сарпи шекара қақпасында жүк тасымалдау саласына кезкелген бір шектеу қойылмады. Басқа құрлық шекара қақпаларында (Түрікгөзү/Вале, Акташ/Картсаки) болса жолаушылардың шекарадан өтуі ережелер аясында жалғасуда.

Бұл шаралар 15 наурыз күні Түркия уақытымен сағат 17.00, Грузия уақытымен сағат 18.00-ден бастап, күшіне енеді. Түрік және грузин азаматтарына қоса үшінші ел азаматтарын да қамтиды.



Ұқсас жаңалықтар