Диярбакырда тағы бір ана баласына қауышты

Жанұяларының қолдауымен жүргізілген көндіру шаралары нәтиже берді.

1374727
Диярбакырда тағы бір ана баласына қауышты

Диярбакырда Халықтардың демократия партиясы бас ғимараты алдында PKK террор ұйымы тауға алып қашқан балалар үшін ұйымдастырылған "Диярбакыр аналары" атты акцияға қатысқан жанұялардың тағы біреуі баласына қауышты.

Жанұялардың қолдауымен жалғасқан көндіру шаралары нәтижесінде PKK террор ұйымынан қашқан террористтер қауіпсіздік күштеріне берілуде.

Диярбакыр Қалалық жандармерия қолбасшылығына келген Наиме Далмыш 6 жылдан бері көрмеген қызы Текошинді көз жасы төгіп құшақтады.

Кеше Хашим Ачар мен Текошин Ачардың  қауіпсіздік күштеріне берілуімен Диярбакырда акцияға қатысқан жанұялар арасында баласына қауышқандар саны 13-ке ұласты.



Ұқсас жаңалықтар