Чавушоғлұ Грекияның қатыгез тұғырын  айыптады

Чавушоғлұ Грекияның халықаралық және Еуропа Одағы құқығын аяқасты еткенін айтты.

1373000
Чавушоғлұ Грекияның қатыгез тұғырын  айыптады

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Грекияның халықаралық және Еуропа Одағы құқығын аяқасты еткенін айтты.

Чавушоғлұ неміс «Bild» газетіне жасаған мәлімдемесінде «Миллиондаған адам Сирияда қоныс аударды және шекарамызға қарай келуде. Орташығыс көршіміз және ойлағаныңыздан да ұзақ емес. Болған оқиғалар Еуропаға да ықпал жасайды» деген сөздер қолданды.

Чавушоғлұ Грекияның босқындарға қарсы қатыгез тұғырын  қатал түрде айыптады.

Чавушоғлұ «Еуропа Одағы мүшесі Грекия халықаралық құқық және Еуропа Одағы құқығын аяқасты етуде. Шекарасына паналаған босқындарға құрлықтан және теңізден оқ атуда. Жабайылық әрекет жасауда. Қайықтарын батыруда. Көз жасаурататын газ шашуда. Грекия үкіметі 3 адамды өлтірді және көптеген адамды жаралады» деген сөздер қолданды.

Түркияның Сирияның Идлиб аймағында бір актер ретінде жүкті көтеруіне қарамастан кейбіреулерінің ұялмай Түркияны сынға тартқанын түсіндірген Чавушоғлұ «Босқындар бізге келмесін және  Түркия олармен айналыссын деудің өзі жауапкершіліксіз әрекет болып табылады. Біз бұны енді қабылдамаймыз. Елімізге жүктелген бұл ауыр жүкті енді жалғыз көтере алмаймыз» деді.



Ұқсас жаңалықтар