Президент Ердоған Мәскеуге аттанды

Президент Режеп Тайып Ердоған Ресейге бір күндік ресми сапармен аттанды.

1372464
Президент Ердоған Мәскеуге аттанды

Ердоғанды Эсенбоға әуежайынан вице-президент Фуат Октай, Анкара губернаторы Васип Шахин Анкара Полиция директоры Сервет Йылмаз және басқа да лауазымдылар шығарып салды.

Президент Ердоғанға қоса Сыртқы істер министрі Мевлұт Чавушоғлу, Ұлттық қорғаныс министрі Хулуси Акар, Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак, Ұлттық барлау ұйымы басшысы Хакан Фидан, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун, Президенттік аппараттың баспасөз хатшысы Ибрахим Калын, Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик пен партия төраға орынбасары Махир Үнал да Мәскеуге аттанды.



Ұқсас жаңалықтар