Мұстафа Шентоп Грекияны сынға алды

Мұстафа Шентоп сириялық босқындарға нағыз оқ атқан Грекия қауіпсіздік күштерінің адамгершілікке жат әрекетін сынға алды.

1372076
Мұстафа Шентоп Грекияны сынға алды

Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің төрағасы Мұстафа Шентоп сириялық босқындарға нағыз оқ атқан Грекия қауіпсіздік күштерінің адамгершілікке жат әрекетін сынға алды.

Мұстафа Шентоп әлеуметтік желі Твиттерден жасаған мәлімдемесінде:

"Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінің Адам құқықтары комиссиясы мүшелері зерттеу жүргізу үшін барған шекара аймағында көшпенділерге нағыз оқ атқан Грекия қауіпсіздік күштерінің құқыққа қайшы және адамгершілікке жат әрекеттерін айыптаймын. Еуропалық елдер қолдау берген Грекияның аталмыш жабайы түғырынан жүздері қызарғаны жөн" деді. 



Ұқсас жаңалықтар