Ердоған мен Путин жаңа келісімге келді

Идлибте бүгін түн ортасынан бастап бітім іске қосылады.

1372938
Ердоған мен Путин жаңа келісімге келді

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Идлиб аймағында бүгін түн ортасынан бастап бітім іске қосылатынын жариялады. 

Президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путин арасындағы Сирия кездесуі аяқталды. 

Ердоған мен Путин кездесуден кейін баспасөз өкілдерінің алдына шықты. Шамамен  6 сағат  кездесу өткізгендерін білдірген президент Ердоған: "Идлибте тұратын 4 миллион адамды террорист деп жариялап,  ауыр бомбаның астында қалдыруды қабылдауымыз мүмкін емес.  Режимнен қашқан 1,5 миллион аймақ тұрғыны шекараларымызға жиналды. Түркия осындай қауіп алдында қол қусырып отыра алмайды" деді. 

Ол Идлиб қақтығысты баяулату аймағын құрған 2018 жылғы Сочи келісімін бұзған оқиғалардың бірінші дәрежеде жауаптысының Асад режимі екенін айтты.  "Режимнің әскерлерімізді нысанаға алған шабуылдаушылығынан кейін болған қайғылы оқиғаларға орай Идлибте жаңа мәртебе қалыптастыру қажет" деді ол.

Аймақта бүгін түн ортасынан бастап бітім іске қосылатынын білдірген Ердоған: "Түркияның осы процесте режим жасайтын әртүрлі шабуылға бар күшімен жауап беру хақы болады" деді. 

Ресей президенті Владимир Путин де "Маңызды жағдайларда қолымыздағы келісімдерге жүгініп әрқашан келісімге келе білдік. Шешім таба білдік.  Бүгін де осылай болды" деді. 

Путин Ердоғанмен бірге бейбіт халықтың қайғы-қасіретін доғаратын, бітімге негіз болатын,  гуманитарық көмек тақырыбында алға жылжитын бір құжат дайындағандарын айтты.  Владимир Путин Ердоғанмен биыл үшінші рет кездесіп отырғандарын еске салды. Ол Ердоғанға келгені үшін алғыс білдірді. 

Артынан қол қойылған құжатты ТР Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен РФ Сыртқы істер министрі Сергей Лавров оқыды. 

Құжат Идлибте бітім іске қосылғаннан кейін барлық әскери істердің тоқтатылуын,  М-4 жолының солтүстігі мен оңтүстікте алты км сенімді коридор қалыптастырылуын, түрік-орыс барлау қызметінің 15 наурыз күні басталуын көздейді. 



Ұқсас жаңалықтар