Сирияда тағы бір режим соғыс ұшағы құлатылды

Түркия тағы Асад режиміне тиесілі бір соғыс ұшағы құлатты.

1370997
Сирияда тағы бір режим соғыс ұшағы құлатылды

Ұлттық Қорғаныс министрлiгi Сирияның Идлиб аймағында 27 ақпан күні басталған «Көктем қалқаны» операциясының табысты түрде жалғасқанын білдірді.

Министрлік жасаған мәлімдемеде «Операция аясында режимге тиесілі L-39 типі бір соғыс ұшағы құлатылды» делінді.

Бұл «Көктем қалқаны» операциясы аясында Идлибте Түркия тарапынан құлатылған 3-ші соғыс ұшағы болды.

Мәлімдемеде «Операция түнімен табысты түрде жалғасты. Соңғы 24 сағаттың ішінде  1 соғыс ұшағы, 1 пилотсыз ұшақ, 6 танк, 5 гаубица/көп тұмсықты зымыран қағар, 2 әуе қорғаныс зымыран жүйесі, 3 сауытты көлік, 5 қарулы көлік, әртүрлі 6 әскери көлік пен 1 оқ-дәрі қоймасы жойылып, 327 режим әскері залалсыздандырылды» делінді.



Ұқсас жаңалықтар