Түркияның пидақорлық кезеңі аяқталды

Ердоған босқындар үшін Түркияның жалғыз өзі жасаған пидақорлық кезеңін аяқтағанын айтты.

1370312
Түркияның пидақорлық кезеңі аяқталды

Түркияның пидақорлық кезеңі аяқталды.

Президент Режеп Тайып Ердоған босқындар үшін Түркияның жалғыз өзі жасаған пидақорлық кезеңін аяқтағанын айтты.

Президент, Әділет және даму партиясы төрағасы Ердоған партиясының астана Анкарадағы Провинция ақылдастар мәжілісі жиналысына қатысып, баяндама жасады.

Баяндамасында Түркияның Сириядағы гуманитарлық дағдарысын шешу үшін атсалысқанын түсіндірген Ердоған «Біз Сирияда әрі гуманитарлық дағдарысты шешу, әрі территорияларымыздың қауіпсіздігін сақтау үшін күрес жүргізудеміз» деді.

Түркияның босқындар үшін жалғыз өзін  көрсеткен пидақорлық кезеңінің аяқталғанын айтқан Ердоған «Шекарамызды ашқан сәттен бері Еуропаға жүз мыңдаған босқан өтті. Бұл санақ таяуда миллионға жетеді» деген сөздер қолданды.

Президент Ердоған Түркияның босқындарға жәрдем беру үндеуіне ешбір Еуропа елінің нақтылы қолдау жасамағанын атап өтті.



Ұқсас жаңалықтар