Минск тобы белсенді жұмыс істеуі керек

Сыртқы істер министрі ЕҚЫҰ Минск тобы тең төрағаларын қабылдады.

1370237
Минск тобы белсенді жұмыс істеуі керек

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропадағы Қауіпсіздік және ынтымақтастық ұйымы Минск тобына Әзербайжанның территория тұтастығына құрмет шеңберінде Таулы Қарабах проблемасын шешу үшін одан да белсенді жұмыстануға шақыру тастады.

Чавушоғлу ЕҚЫҰ Минск тобының тең төрағалары Игор Попов,  Стефан Висконти, Эндрью Шофер және ЕҚЫҰ Минск процесі арнайы өкілі Андзей Каспрзикті Анкарада қабылдады.

Кездесуден кейін министр Twitter әлеуметтік парақшасынан «ЕҚЫҰ Минск тобы енді Таулы Қарабах проблемасын шешу үшін ықпалды жұмыс істеуі керек.  Осы шешім Әзербайжанның территория тұтастығына,  егемендігіне және халықаралық шекараға құрмет шеңберінде болуы керек» деп жазды.  



Ұқсас жаңалықтар