Ердоған мен Путин наурызда кездеседі

Чавушоғлу Сирия, Ливия, Йемен және Ауғанстан жағдайларының бүкіл әлемге байланысты мәселелер екенін дәріптеді.

1369205
Ердоған мен Путин наурызда кездеседі
çavuşoğlu 1.jpg

Сыртықы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Сирияның Идлиб аймағында жалғастырылатын атысты тоқтату үшін жұмыстанғандарын, осы аяда президент Ердоған мен Ресей президенті Владимир Путиннің наурыздың алғашқы аптасында кездесу өткізетінін айтты.

АҚШ пен Талибан арасындағы бейбітшілік процесін бастау күтілген келісімге қол қою рәсімі үшін Дохаға барған Чаваушоғлу шетелдік журналистерге мәлімдеме жасады.

Чавушоғлу Сирия, Ливия, Йемен және Ауғанстан жағдайларының бүкіл әлемге байланысты мәселелер екенін дәріптеді.

Идлибтегі шабуылдарға байланысты сұраққа орай Чавушоғлу:

"Сирия көлемінде және Идлибте режимнің шабуылдары апатқа айналды. Режим мен қолдаушылары бейуаздарды, емханаларды, мектептерді және біздің әскерлерімізді нысанаға алды.

Ресейдің режимді қолдап отырғаны айқын, алайда бізді тікелей нысанаға алғанын айта алмаймыз.  Идлибте атыстың тоқатуы үшін Ресеймен бірге жұмыстанып жатырмыз. Екі ел делегациясы Анкарада олардың талабына сай бас қосты. Дегенмен, мұның Ердоған мен Путиннің кездесуі арқылы ғана іске асатыны байқалды. Осы үшін жұмыстанудамыз, екі басшы наурыздың алғашқы аптасында кездеседі" деді. 



Ұқсас жаңалықтар