Чавушоғлұ бірқатар әріптесімен телефонда сөйлесті

Боррель мәлімдемесінде "Аянышты оқиғалар мен соғыстың доғарылуы керек" деді.

1368951
Чавушоғлұ бірқатар әріптесімен телефонда сөйлесті

Чавушоғлұ бірқатар әріптесімен телефонда сөйлесті.

Сирияның Идлиб аймағында бейсенбі күні ұйымдастырылған шабуылдар кесірінен 33 түрік әскерлері шейіт болды. Осы жағдайға байланысты Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ бірқатар елдің сыртқы істер министрлерімен телефон арқылы сөйлесті.

Чавушоғлұ кеше Франция Сыртқы істер министрі Жан-Ив Ле Дриан, Испания Сыртқы істер министрі Лука Аранха Гонзалес Лая, Еуропа Одағының сыртқы істер және қауіпсіздік жөніндегі мәртебелі өкілі Жозеп Боррельмен телефонда сөйлесті.

Боррель телефондағы әңгімелерге байланысты өзінің twitter-парақшасында мәлімдеме жасады. Боррель мәлімдемесінде «Аянышты оқиғалар мен соғыстың доғарылуы керек. Түркияның Түркия-Еуропа Одағы мигрант келісіміне бойсұнуы кепілдікке алынды» деген сөздер қолданды.

Голландия, Венгрия, Эстония және Украина секілді елдердің сыртқы істер министрлері де Чавушоғлұна телефон шалып, көңіл айтты.

 



Ұқсас жаңалықтар