Ердоған Бакуге барды

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжанның астанасы Бакуге барды.

1366084
Ердоған Бакуге барды
erdoğan aliyev.jpg

Президент Режеп Тайып Ердоған Әзірбайжанның астанасы Бакуге барды.

Ердоғанды Әзірбайжан президенті Ильхам Әлиев ресми салтанатпен қарсы алды.

Түркия-Әзірбайжан жоғарғы деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 8-ші жиналысы үшін Бакуге барған Ердоған Әлиев тарапынан салтанатты түрде қарсы алынды.

Президент Ердоғанның Әзірбайжан сапарына Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ, Энергия және табиғи ресурстар министрі Фатих Дөнмез, Жастар және спорт министрі Мехмет Мұхаррем Касапоғлұ, Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Сауда министрі Рухсар Пекджан, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун, Президенттік аппаратының баспасөз хатшысы Ибрахим Калын және Ұлттық барлау ұйымы төрағасы Хакан Фидан серік болды.

Кеңес жиналысындағы кездесулерде Түркия-Әзірбайжан қарым-қатынастары және екі ел арасындағы ынтымақтастығы қолға алынады.  

Кездесу барысында аймақтық және халықаралық тақырыптарда пікір алмасады.

 

 

 

 

 



Ұқсас жаңалықтар