Президент Ердоған Бакуге аттанады

Түркия-Әзербайжан жоғары деңгейлі кеңес жиналысы өткізіледі.

1365376
Президент Ердоған Бакуге аттанады

Президент Режеп Тайып Ердоған Түркия-Әзербайжан Жоғары деңгейдегі стратегиялық ынтымақтастық кеңесінің 8-ші жиналысына қатысу мақсатымен ертең Әзербайжанға аттанады.

Коммуникация басқармасы хабарлама жариялап,  Түркия-Әзербайжан Жоғары деңгейдегі стратегиялық  ынтымақтастық кеңесінің 8-ші жиналысының президент Режеп Тайып Ердоған мен Әзербайжан президенті Ильхам Әлиев басшылығында Бакуде өтетінін білдірді.

Кеңес жиналысы шеңберінде өткізілетін кездесулерде Түркия мен Әзербайдан қарым-қатынастары барлық жағынан қолға алынады және екі ел арасындағы ынтымақтастықтың тереңдетілуі мүмкіндіктері талқыланады.

Кездесулер барысында аймақтық және халықаралық проблемалар жөнінде де көзқарас алмасылады.



Ұқсас жаңалықтар