«Бұлар біздің әскерімізге шабуылдаған сайын құны өте ауыр болады»

Ердоған: Ең ауыр күйде қажетті тойтарыс берілді.

1357460
«Бұлар біздің әскерімізге шабуылдаған сайын құны өте ауыр болады»

Президент Режеп Тайып Ердоған Сирияның Идлиб аймағындағы түрік әскери бақылау пунктіне шабуыл жасаған Башар Асад режиміне мұның құнының өте ауыр болатынын атап көрсетті.

Президент Ердоған Бештепе Конгресс және Мәдениет орталығында болып өткен «Өмір сүрген адам қазынасын марапаттау» рәсімінде үн қатты.

Баяндамасында кеше 5 әскер шәйіт болған шабуылды бағалаған Ердоған «Ең ауыр күйде қажетті тойтарыс берілді. Әсіресе Идлибте еселеп жауабын қайтардық. Дегенмен бұл жетпейді, одан ары жалғастырамыз» деді.

Ердоған төрағалық жасаған Әділет және даму партиясының Түркия Ұлы Ұлттық Мәжілісінде өтетін ертеңгі жиналысында Идлибтегі шабуылдың артынан басылатын қадамдарды жариялайтындарын білдірді.

Ердоған «Бұлар біздің әскерімізге шабуылдаған сайын құны өте ауыр болады» деді.



Ұқсас жаңалықтар