Президент Ердоғаннан Малайзиядағы конференцияға жолдама

Парламент аралық Иерусалим платформасының конференциясы Малайзияның бас қаласу Куала-Лумпурда басталды.

1355779
Президент Ердоғаннан Малайзиядағы конференцияға жолдама

Президент Режеп Тайып Ердоған Малайзияның бас қаласы Куала-Лумпурда «Израиль басқыншылығын жоятын ықпалды бір стратегияға бағыт беру» тақырыпты парламент аралық Иерусалим платформасына жазбаша жолдама жіберіп, АҚШ әкімшілігінің бір жақты Таяу Шығыс жоспарына наразылық көрсетті.

Президент Ердоған жолдамасында «Бүкіл әлемнің күн тәртібіне ‘Ғасырдың жоспары’ атымен кіргізілген және Иерусалимді ‘Израильдің бас қаласы’ деп жариялаған жоспар аймақта бейбітшілік және тыныштыққа қауіп төндіретін бір қиялдан ары кетпейді. Бұл қиялдың жүзеге асуына рұқсат бермейміз» деді.

Малайзия премьер-министрі Махатхир Мұхаммед Парламенттер аралық Иерусалим платформасы мүшелері және конференция қатысушыларына арнаған жазбаша жолдамасында Ердоған атап көрсеткендей Парламент аралық Иерусалим платформасының «Израиль басқыншылығын жоятын ықпалды бір стратегияға бағыт беру» тақырыпты үшінші конференцияның мақсат пен нысанасына жетуін тіледі.

Алдымен мұндай бір кезеңде ұйымдастырылған бұл конференцияның өте маңызды және орынды екенін атап көрсеткен Ердоған «Палестина топырағын аннекциялау деген мағынаға келетін, Палестинаның тұтастығын бұзған және Иерусалимді толығымен басып алатын бұл жоспарды қабылдамаймыз. Көріністе екі мемлекетті бір шешімді қабылдаған бірақ Израиль басқыншылығын АҚШ әкімшілігінің қамқоршылығымен заңдастыру деген  мағынаға келетін бұл бастаманы қабылдамаймыз. Палестина жылдардан бері басқыншылық астында жапа шегіп жатқанда, Израиль заңсыз түрде қазіргі шекараларына дейін жетті. Түркияның Иерусалимнің аннексиялауына үнсіз қарауы және палестиналық бауырларын бұл күресте жалғыз қалдыруы мүмкін емес. Тағы бір рет айтқым келеді, Иерусалим біздің қызыл сызығымыз. Мұсылман елдер ретінде бұл кезеңде біздердің ең үлкен жауапкершілігі Акса мешітінің құпиялылығын сақтау, бейбітшілік шынары Иерусалимге ие шығу және палестиналықтардың құқығын қорғау. Таяу Шығыстан бастап, бүкіл әлемге ықпал ететін бір кезеңнің бастауы деген мағынаға келетін бұл қадам алдында кейбір Ислам елдері жүргізген саясат өкінішке орай баршаны мазалады» деді.



Ұқсас жаңалықтар