Вандағы көшкінде 41 кісі мерт болды

Ванның Бахчесарай ауданында болған қар көшкінінде қаза тапқандар саны 41 кісіге көбейді.

1354801
Вандағы көшкінде 41 кісі мерт болды

Ванның Бахчесарай ауданында болған қар көшкіні апатында қар астында қалған екі кісінің жансыз денесі табылды. 

Ванның Бахчесарай ауданында болған қар көшкінінде қаза тапқандар саны 41 кісіге көбейді. 

Қар астындағы 3 кісінің мәйітін тапқан Жандармерия іздеу-құтқару тобы мен Апат және Төтенше жағдайлардың алдын алу басқармасының (AFAD) іздеу топтары қар көшкіні аймағында жұмыстарын жалғастыруда.

Іздеу құтқару жұмыстарына арнайы жаттықтырылған төбеттер де қатыстырылды.

Қардың астында қалған екі адамды іздеу жұмыстары жалғасып жатыр.

Бахчесарай жолдарында алдын алу шараларын қамдаған жандармерия қауіпсіздік себепті қар көшкіні аймағына өтуге рұқсат бермеді.

Денсаулық министрі Фахреттин Кожа Ван әкімі Мехмет Емин Билмез, Әділет және даму партиясы төрағасының орынбасары Фатма Бетул Саян Каямен бірге қар көшкінінде қайтыс болғандардың отбасына көңіл айта барды. 



Ұқсас жаңалықтар