Ердоған апаттарға орай мәлімдеме жасады

Президент Ердоған қар көшкіні және ұшақ апатына қатты қайғырғанын білдірді.

1354541
Ердоған апаттарға орай мәлімдеме жасады

Ердоған апаттарға орай мәлімдеме жасады.

Президент Режеп Тайып Ердоған Вандағы қар көшкіні және Стамбул Сабиха Гөкчен атындағы әуежайда болған ұшақ апатына қатты қайғырғанын білдірді.

Президент Ердоған өзінің twitter-парақшасында Элязыг зілзаласы және Сирия Идлибте түрік әскерлерінің шейіт болуынан кейін қатты қайғыға батқанын түсіндірді. Ердоған  қаза тапқан азаматтарға және шейіттерге көңіл айтып, жарақат алғандарға жедел шипа тіледі.

Ердоған былай деді: «Арт артынан келген опаттар және опасыз шабуылдар алдында түрік халқы бір жағадан бас, бір жеңнен қол шығарды. Күшін, сабырлылығын және шыдамдылығын барша әлемге талай рет дәлелдеген Түркия Республикасы Алла бұйырса мемлекет пен ұлт селбесуімен  осы кезеңді де өткізеді.  Біз әрқашан болғандай осы кезеңде де барша ұйым және органдарымызбен халықтың қасында боламыз».      



Ұқсас жаңалықтар