Рейстер айдың аяғына дейін тоқтатылды

Түрік Әуе жолдары компаниясы Қытай рейстерін ақпан айының аяғына дейін созуға шешім берді.

1352372
Рейстер айдың аяғына дейін тоқтатылды

Түрік Әуе жолдары компаниясы (THY) Қытайға бағытталған рейстерді ақпан айының аяғына дейін созуға шешім берді.

Түрік авиакомпаниясының Баспасөз хатшысы Яхия Үстүн әлеуметтік желіден хабарлама жариялады.  Хабарламада «Коронавирустан туындаған жағдайды ұлттық және халықаралық органдармен бірге жақыннан қадағалап отырмыз.  Осы бағытта Пекин, Гуанчжоу, Шанхай және Сиан қалаларына рейстерімізді ақпан айының аяғына дейін тоқтатамыз. Басқа да жаңалықтармен бөлісіп отырамыз» деп айтылды.

Түрік Әуе жолдары осы қалаларға бұдан бұрын рейстерді 9 ақпан күніне дейін тоқтатуға шешім қабылдаған болатын.



Ұқсас жаңалықтар