Жер сілкінісінен кейін 1348 дүмпу болды

Кейбір мектептерде сабақ кеш басталады.

1349683
Жер сілкінісінен кейін 1348 дүмпу болды

Ішкі істер министрі Сүлейман Сойлу Элазыгдың Сивридже ауданында болған 6,8 балдық жер сілкінісінен кейін 1348 дүмпу болғанын айтты.

Министр Сойлу, Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум және Денсаулық сақтау министрі Фахреттин Кожа Элазыг қалалық акимат ғимаратында баспасөз брифингін өткізді.

Министр Сойлу Элазыг қаласында және Малатияның Доганйол, Пүтүрге, Кале және Батталгази аудандарында сабақтың 10 ақпан күні басталатынын білдірді.

Жер сілкінісіне байланысты соңғы деректерді жеткізген министр Элазыгда зиян көрген 10 мектептің құлатылатынын айтты.

Қоршаған орта және қала министрі Мурат Курум да Элазыг және Малатияда тұрғын үй салу жұмыстарын бастағандарын білдірді. Ол барлығы 6 мың 400 үй салынатынын айтты.

Денсаулық сақтау министрі Кожа да жер сілкінісінен кейін ауруханаға жеткізілген жаралы азаматтар туралы айтып берді.  Ол 64 адамның ауруханадағы емінің жалғасуда екенін,  жеті кісінің жағдайының ауыр екенін білдірді.



Ұқсас жаңалықтар