Алтун АҚШ-тын бейбітшілік жоспарына наразылық көрсетті

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Иерусалимнің Израильдің жері емес екенін атап көрсетті.

1349534
Алтун АҚШ-тын бейбітшілік жоспарына наразылық көрсетті

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун АҚШ-тың «Бейбітшілік жоспары» арқылы Иерусалимді толығымен Израильге беруді мақсат еткенін атап көрсетті.

Алтун твиттерден ағылшын тілінде жасаған мәлімдемесінде АҚШ-тың Палестина-Израиль мәселесіне бағытталған бейбітшілік жоспарына қатысты пікірін бөлісті.

Бұл бейбітшілік жоспарының Израиль басқыншылығы мен тұрғын аймақтарын заңдастыруға бағытталған бір мәлімдеме екенін атап көрсеткен Алтун «Не іске қосатын бір жоспар, не болмаса аймақтағы жағдайға қатысты әділ бір бағалау емес. Жоспар палестиналықтарды "жоқ" деп есептеп, Израильді риза қылуды мақсат етеді» деді.

АҚШ-тың "Иерусалимді Израильдің бас қаласы" деп танитын шешімге бүкіл әлемнің қарсы шыққанын атап көрсеткен Алтун «Бұл жоспармен Иерусалимді толығымен Израильге беру жоспарлануда. Иерусалим Израильдің жері емес. Иерусалимді біреулерге ұсыну үшінші тараптардың шешімі болмайды. Екі мемлекеттің де қолдауы, талабы және бекітуі болмай мәлімдемелер жасау аймақты тұрақсыздандырады» деді.

Алтун АҚШ пен Израильдің бір жақты басқан қадамдарын аймаққа қан мен көздің жасы болып оралғанын атап, «Нетаньяху өз саяси келешегі үшін саяси бір ойын ойнайды. Елінде қысым астында бейбітшілік сияқты нәзік бір мәселені жауапкерсіздікпен қолданып, саяси жетістіктерге қол жеткізуге тырысады. Наурыз айында өтетін сайлау жақындаған сайын қасиетті аймақтарды саясаттың құралына айналдыруына рұқсат бермеу керек» деді.

Алтун сондай-ақ «Бұл жоспар аймаққа сырттан араласпау керектігін көрсетеді. Кейбір Шығанақ елдері теңгерім, әділет және бейбітшілікпен ешбір байланысы жоқ бұл жоспарды қолдайтын көрінеді. Бұл елдер уақыты келгенде араб пен мұсылман қоғамына есеп береді» деді.



Ұқсас жаңалықтар