Шетел басшылары көңіл айтып жатыр

Ресей, Канада, Украина, Румыния, Сомали елдері көңіл айтты және қайғымызды бөлісті.

1347220
Шетел басшылары көңіл айтып жатыр

Ресей президенті Владимир Путин Элязыгтағы зілзалаға орай президент Режеп Тайып Ердоғанға көңіл айту тілегін жеткізді.

"Ресей жер сілкінісі апатында жақындарынан айрылғандардың қайғысы мен ауыр көңіл күйін бөліседі. Жаралылардың жылдам сауығуын тілейміз" деді президент Путин.

Канада премьер-министрі Джастин Трюдо Элязыгта болған зілзалаға байланысты ақпарат желісінен жариялаған мәлімдемесінде:

"Жүрегіміз бүгінгі зілзалада жараланған және жақындарынан айырылған баршамен бірге соғуда. Сіздер үшін дұға қыламыз" деді.

Украина Сыртқы істер министрі Вадим Пристайко Ақпарат желісінен жасаған мәлімдемесінде:

"Осы қайғылы кезеңде Украина Түркияның қасында және дұғаларымыз түрік халқы үшін" деп жазды.

Румыния Сыртқы істер министрі Богдан Ауреску мәлімдемесінде жан шығынына қатты қайғырғандарын тілге тиек етіп,  көңіл айтты.

Сомали Сыртқы істер министрі және Халықаралық Ынтымақтастық министрі Ахмед Иса Авад  Сырықы істер министрі Мевлүт Чавушоғлуна телефон шалып:

"Зілзалада қаза тапқандарға көңіл айтамыз және жаралыларға шұғыл шипа тілейміз. Дұғаларымызды әрқашан Сомали халқының қасында болған түрік халқына оқимыз" деді.



Ұқсас жаңалықтар