Түркия 4 мыңдай студентке стипендия мүмкіндігін береді

Эрен Болгарияда «Түркия стипендияларын» таныстырды.

1345376
Түркия 4 мыңдай студентке стипендия мүмкіндігін береді

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы Абдуллах Эрен Түркияның жыл сайын 4 мыңдай шетелдік студентке стипендия мүмкіндігін бергенін айтты.

Эрен Болгарияда «Түркия стипендияларын» таныстырды.

Абдуллах Эрен осы шеңберде Константин Преславский Университетіндегі жиналыста ректор Проф. Др. Георгий Колевпен кездесті.

Эрен Түркиядағы 208 университет үшін 170 елден өтініш келгенін білдірді.

«Түркия стипендиялары» жиналысында да сөз сөйлеген Эрен Түркиядағы жоғары оқу орындарының сапасын түсіндіре келе «Ең маңызды критерия – үлгерім.  Біз стипендия берген кезде,  этникалық тамыры,  ұлты емес,  үлгерімін назарға аламыз» деді.

Шетелдегі түріктер және ағайын қауымдастықтар басқармасы төрағасы таныстыру жиналыстарынан кейін Болгариядан талапкерлер санының артуын күтетіндерін білдірді.

«Біз әрі Балқан территориясындағы бейбітшілік,  әрі Түркияның көршілерімен екі жақты қатынасының жоғары деңгейде болуы үшін стипендиялардың қажеттілігіне сенеміз» деді ол.  Эрен Түркия стипендиясының халықаралық стипендия екенін, тек қандастар үшін емес,  бүкіл Болгария жастарына ашық екенін атап көрсетті.



Ұқсас жаңалықтар