Чавушоғлұ көш толқыны жайлы мәлімдеме жасады

Чавушоғлұ Асад режимінің Сирияның Идлиб аймағында жай халықтарға бағытталған шабуылдарға тоқталды.

1344799
Чавушоғлұ көш толқыны  жайлы мәлімдеме жасады

Чавушоғлұ көш толқыны жайлы мәлімдеме жасады.

Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ Башар Асад режимінің Сирияның Идлиб аймағында жай халыққа шабуылдарды жалғастырған жағдайда басталатын көш толқынын тоса алмайтынын айтты.

50-ші Бүкіләлемдік экономикалық форумы Швейцарияның Давос қалашығында  басталды. 

Саммитке қатысқан Сыртқы істер министрі Мәвлүт Чавушоғлұ жеке бір теледидарда журналисттердің сұрақтарына жауап берді.

Чавушоғлұ Асад режимінің Сирияның Идлиб аймағында жай халықтарға жасалған шабуылдарға тоқталды.

Чавушоғлұ «Құрметті президентіміз оқиғаның аянышты болғанын Ресей президенті Владимир Путинге түсіндірді. Кездесуде құрметті Путинге шын ниетті және ашық түрде шабуылдардың доғарылуы керектігін айтты. Халықаралық қауымға да бірдей үндеу тастады» деген сөздер қолданды.

Идлибтегі босқын көшінің қаупі жайлы Чавушоғлұ «Мақсатымыз--қоныс аударған адамдарға Идлиб шекарасы ішінде жәрдем беру. Адамдардың паналайтын лагерьлерінің салынуы үшін жұмыс істеудеміз. 4 миллионға тарта адам бар. Атыс жалғасатын болса, миллиондаған адам шекара қақпасына келеді. Бұны тоқтата алмаймыз. Сол үшін шабуылдардың доғарылуы керек» деді.



Ұқсас жаңалықтар