Ердоған Ливия тақырыбында мақала жазды

Президент Режеп Тайып Ердоған Ливиядағы бейбітшіліктің Түркия арқылы жүзеге асатынын айтты.

1343046
Ердоған Ливия тақырыбында мақала жазды

Президент Режеп Тайып Ердоған Ливиядағы бейбітшіліктің Түркия арқылы жүзеге асатынын айтты.

Президент Ердоған Ливия тақырыпты Берлин саммиті қарсаңында Вашингтонда шығатын «Politico» газетіне мақала жазды.

Ердоғанның мақаласында мына сөздерге орын берілід:

«Ливияда мөлшермен 10 жылдан бері қанды соғыстың ішінде. Алайда халықаралық ұйым осы таңға дейін жауапкершілігін орындамады. Сондықтан қанды соғыс өршіді. Бейбітшілік пен тұрақтылық орнатылмады. Қазір осы былықпаның зардабын  көрудеміз.

Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан мойындалған Ливия үкіметі бірнеше жылдан бері Хафтердің шабуылына душар болуда. Мемлекетте төңкеріс жасауға тырысқан Хафтердің қарулы күштері Мысыр, Сауд Арабиясы және Біріккен Араб Әмірліктер секілді елдерден қолдау алуда.

Ливия дағдарысы не істейтініне шешім жасауға тырысқан Еуропа құрлығының бөлінуіне себеп болды. Ливияның заңды үкіметін қолдап, дипломатияны жақтаған Германия жексенбі күні Берлинде бір бейбітшілік конференциясына үй иелігін жасайды. Керісінше  Франция Ливияның заңды үкіметіне қарсы төңкерісші Хафтердің қасында орын алуда.

Әсіресе Еуропа Одағының Ливия Ұлттық келісім үкіметіне жәрдем бермеуі Еуропаның өз негізгі құндылығы болған демократия және адам құқықтарына қайшы әрекет ету мағынасын білдіруде. Ливияны соғыстың алауына итермелеу тарихи бір қателік болады. Ливияның заңды үкіметінің құлатылуы Еуропаның жаңа мәселелер мен қауіптерге душар болатынын ұмытпағанымыз жөн.

Сирия және Иракта әскери жақтан жеңіліске душар болған ДАИШ және Әл-Кайда сынды террор ұйымдары осы орайдан пайдаланып, Ливияда тағы күшеюі мүмкін. Мысалы Хафтер тараптарында Медхалилер секілді осы террор ұйымдарының идеологиясын ұнатқан топтардың болғаны баршаға аян. Қақтығыс жалғасатын болса Еуропаға бет алатын мигрант толқынын ұмытпауымыз керек.

Ливияның ішкі соғысы Еуропа Одағына қауіп төндіреді. Еуропалық лидерлер жаңа бір шабуылға душар болатын әлем жүйесін қақтай ма? Әлде Сирияда істегені сияқты жауапкершіліктерден ат торынын ала қашып, дағдарысты тамашалап қаға отыра ма?     

Еуропалық достар мен одақтастарымыздың тек шағым жасап, алаңдағанын ғана айтумен әлемді өзгерте алмайтынын мойындаулары керек. Халықаралық құқық, демократия және адам құқықтарын қорғау үшін нақтылы жұмыс істеген жөн.

Тарихи шындық бізге дипломатияға немқұрайды қарап, халықаралық ұйымдарды мазақ қылғандарды марапаттаудың үлкен қателіктерге апарып соққанын көрсетуде. Алайда Ливияда болған соңғы оқиғалар кейбір еуропалық лидерлердің осы тарихтан әлі сабақ алмағаны байқалуда.

Еуропа Одағы әлемге халықаралық аренада маңызды бір актер екенін көрсетуі керек. Берлинде ұйымдастырылатын бейбітшілік конференциясы осы нысанаға қарай басылған өте маңызды бір қадам болып табылады. Енді бір жағынан еуропалық лидерлердің тіпті аз сөйлеп, көп жұмыс істеулерін күтеміз.

Еуропаның Ливияға әскери жақтан қолдау көрсетуі тақырыбында ынталы емес екенін ескеретін болсақ, онда әскери қолдау уәдесін берген Түркиямен ынтымақтастық жасау ең жақсы таңдау болады.

Түркия Ливияның Біріккен Ұлттар Ұйымы тарапынан мойындаған заңды үкіметін қолдаудамыз. Қол қойылған соңғы қауіпсіздік және әскери ынтымақтастығы келісімі аясында Ливия үкіметін төңкерісшілден қорғау жайлы уәде бердік. Ливияның қауіпсіздік күштерін әскери машықтан өткізіп, олардың терроризммен күресуіне үлес қосамыз.

Еуропа осы таңда бір бетбұрыс түйінде. Бейбітшілік үшін батыл болу керек. Қанды соғысты доғару үшін қолымыздан келгенін істегеніміз жөн. Еуропа осы нысанаға жету үшін дос және одақтасы Түркияға сенуіне болады».

        



Ұқсас жаңалықтар