TRT Deutsch эфирлері сынақтан өтуде

Түркия Телерадио корпорациясы енді неміс тілінде хабар тарата бастады.

1339829
TRT Deutsch эфирлері сынақтан өтуде

TRT Arabic және  TRT World арналары арқылы Түркияның даусын халықаралық аренаға тасыған Түркия Телерадио корпорациясы енді неміс тілінде хабар тарата бастады.

TRT Deutsch бүгіннен бастап цифрлық платформаларда сынақтан өтуде.

TRT арналарының және цифрлық платформаларының халықаралық алаңда артқан ықпалдылығы, міндеттері мен шетелден алынған беделді жүлделер - TRT-нің халықаралық брендке айналу жолындағы басты қадамдары.

TRT халықаралық телеарналары арқылы жаһандық ұжданның үні болуын жалғастырады.

Осы шеңберде эфирлері сынақтан өте бастаған TRT Deutsch-та өзекті мәселелер басқаша көзқараспен берілетін болады.



Ұқсас жаңалықтар