Мәскеуде Ливия келіссөздері

Түркияның екі министрі орыс әріптестерімен кездеседі.

1339426
Мәскеуде Ливия келіссөздері

Ливияда бейбішілік пен тұрақтылықты қамдау талпыныстары шеңберінде Ресейдің бас қаласы Мәскеуде кездесу жүргізетін Түркия Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу мен Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар орыс әріптестерімен бас қосады.

Ливиялық тараптар атынан заңды әкімшілік Ұлттық Келісім үкіметі премьер-минисрі Серрадж, Мемлекеттік жоғары кеңес басшысы Халид әл Мишри мен басқа да үкімет өкілдері болады. 

Ұлттық телеарнаға тікелей эфирге шыққан Серрадж қаза тапқан жастардың қанына,  шейіттердің рухына қарсы іс істемейтіндерін және азаматтық мемлекет ізденісінен бас тартпайтындарын атап көрсетті.  «Бітім келісіміне қол қою болашақтағы келісімдер үшін итермелеуші күш болады.  Бұл - ливиялықтардың аққан қандарын тоқтату бастамасы. Ұлттық бірлік пен әлеуметтік қоғамды қорғау мақсатымен бітімді қабылдадық» деді ол.



Ұқсас жаңалықтар