Түркия АҚШ Конгресс мүшелеріне наразылық көрсетті

Түркия АҚШ Конгресіндегі 2020 Бюджетті келіссөздері кезеңін тағы бір рет өз мүддесіне айналдырған АҚШ-тық саясат қайраткерлерін айыптады.

1326822
Түркия АҚШ Конгресс мүшелеріне наразылық көрсетті

Сыртқы істер министрлігі мәлімдемешісі Хами Аксой АҚШ Конгресінде қабылданған «2020 жылы қаржы бөлу туралы заң жобасы» жайлы мәлімдеме жасады.

Аксой мәлімдемесінде «2020 жылы АҚШ Федералдық мекемелеріне бөлінетін қаржыға қатысты заң жобасының елімізге қарсы элементтерді қамтитын кейбір бағдарламаларға қоса, АҚШ Өкілдер Мәжілісі және сенатында қабылдануы, АҚШ Конгресі мүшелерінің екі жақты қарым-қатынастарға зиян келтіру әрекетінің соңғы мысалы болып табылады» деді.

Хами Аксой мәлімдемесінде «АҚШ Конгресіндегі бюджетті нақтылау кезеңі тағы бір рет АҚШ-тық саясат қайраткерлерінің қысқа мерзімді саяси қуыршағына айналғаны үшін айыптаймыз. АҚШ-тық Конгрес мүшелері, түрік дұшпаны кейбір әріптестерінің одақтастық ұғымының мағынасын жойып, өз абыройларын ан айырылды және сенімдерін жоғалтты» деді.

Хами Аксой «F-35 соғыс ұшақтарының елімізге тапсырылуына заңсыз түрде кедергі жасаған және Кипр аралындағы шешім талпыныстары мен Шығыс Жерорта теңізіндегі ынтымақтастық мүмкіншіліктеріне балта шабуға тырысқан орталар бастамаларының бәрінен де АҚШ-тың өз мүдделеріне зиян келтіргенін және аймақтың бейбітшілік пен тұрақтылығына қызмет етпегенін уақыт өткен сайын түсінетін болады» делінді.



Ұқсас жаңалықтар