"Кемелерімізді қорғау үшін қажетті шараларды қабылдаймыз"

Министр Чавушоғлу Италияның астанасы Римде «Corriere della Sera» газетіне сұхбат берді.

1319407
"Кемелерімізді қорғау үшін қажетті шараларды қабылдаймыз"

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу: Түркияның Шығыс Жерорта теңізінде кемелерін қорғау үшін қажетті шараларды қабылдайтынын білдірді.

Чавушоғлу Италияның астанасы Римде «Corriere della Sera» газетіне сұхбат берді.

Шығыс Жерорта теңізінде Кипр маңында іздеу және бұрғылау жұмыстарын жалғастырған Түркияның күш қолданып қолданбайтыны жайлы қойылған сұраққа Чавушоғлу «Біз Солтүстік Кипр Түрік Республикасының кепілгеріміз. Біз шешім іздеу үшін талпындық. Понти тарапының келісім жасағысы келмеді. Табиғи газды барлау бойынша біржақты қызметтің болмауын және комиссияның кірісті бөлуін ұсындық. Біз мұны понтилерге, Грекияға, Еуроодаққа және БҰҰ-на дейін баршаға жеткіздік. Ешкіммен соғысқымыз келмейді, алайда кемелерімізді қорғау үшін қажетті шараларды қабылдаймыз» деп жауап қайтарды.



Ұқсас жаңалықтар