"Түркия НАТО-дан қолдау күтуде"

Фахреттин Алтун Түркияның соңғы жылдары НАТО-дан күткен қолдауды көрмегенін атап көрсетті.

"Түркия НАТО-дан қолдау күтуде"

Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун Түркияның соңғы жылдары НАТО-дан күткен қолдауды көрмегенін атап көрсетті.

Алтун твиттер парақшасынан жасаған ағылшын тіліндегі мәлімдемесінде Түркияның НАТО-ға бағыныштылығы мен қосқан үлесіне қарамастан қауіпсіздік уайымдарын тікелей қолдайтын ортақ бір қауіпсіздік стратегиясы құруын күткендерін білдірді.

Алтун «Халықаралық қауіпсіз орта уақыт өткен сайын күрделенуде. Кейбір маңызды шешімдер қабылдауға тиісті НАТО маңызды бір саммитке дайындалуда. Соңғы жылдары қауіпсіздігімізге бағытталған қауіптер артты. Осы жағдайда Түркия стратегиялық бір келіссөзге басшылық жасауға дайын. НАТО мүше мемлекеттердің қауіпсіздік уайымдарын назарға алу керек. Әрі тактикалық, әрі операциялық мағынада шешімдер табуға тиісті. Одақтың ортақ қауіпсіздігі тек қана мүше елдердің уайымдарын жоюмен мүмкін» деді.

Түркияның соңғы жылдары НАТО-дан күткен қолдауды көрмегенін атап айтқан Алтун «Одақтың ең үлкен екінші армиясына ие Түркия осыған қарамастан көптеген НАТО қызметінде орын алды. Қосқан үлесіміз жалғасады, бірақ уайымдарымызға қолдау күтудеміз. Мүше елдер заңды қауіпсіздік уайымдарына қажетті қолдауды алмаған жағдайда, одаққа деген сенім азаяды» деді.



Ұқсас жаңалықтар