Министр Чавушоғлу Еуропарламент төрағасын сынға алды

"Еуроодақ халықтарына өкілдік жасаған біреудің ЕО мекемелерінде жүзеге асқан бір кездесудің мазмұнын бұрмалауы өте ұят"

1309891
Министр Чавушоғлу Еуропарламент төрағасын сынға алды

Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу Еуропарламент төрағасы Дэвид Сассолиге жауап қайтарды.

Чавушоғлу кеше Бельгияда кездесуінің артынан Еуропарламент төрағасы Сассоли жасаған мәлімдемеге әлеуметтік медиа арқылы жауап қайтарды.

Министр Чавушоғлу мәлімдемесінде «Еуропарламент төрағасының бетіме тура айта алмағандарды шындық сияқты мәлімдеуі Еуроодақтың шынайылықтан аулақ және қос стандартының жаңа үлгісі. Еуроодақ халықтарына өкілдік жасаған біреудің ЕО мекемелерінде жүзеге асқан бір кездесудің мазмұнын бұрмалауы өте ұят» деді.

Сассоли мәлімдемесінде Түрік Қарулы күштері тарапынан жүзеге асырылған Бейбітшілік бұлағы операциясы мен Түркияның Шығыс Жерорта теңізіндегі бұрғылау жұмыстарына қатысты сындарын айтып, бұларды Чавушоғлуның айтқанын алға тартқан болатын.



Ұқсас жаңалықтар