Президент Ердоған АҚШ-тағы байланыстарын бастады

Президент Ердоған АҚШ Сауда палатасы, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық кеңесі және Түркия-АҚШ жұмыс кеңесі ұйымдастырған дөңгелек үстелге қатысты.

1305484
Президент Ердоған АҚШ-тағы байланыстарын бастады

АҚШ президенті Дональд Трамптың шақыруымен Вашингтонға барған президент Ердоғанды Андревс Әуе базасында Түркияның Вашингтондағы елшісі Сердар Кылыч, Түркияның БҰҰ Тұрақты елшісі Феридун Синирлиоғлу, АҚШ президенттік қарсы алу бас директоры Кам Хендерсон және басқа да лауазымдылар тарапынан қарсы алынды.

Президент Ердоған басшылық жасаған делегация құрамында жұбайы Эмине Ердоған, Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Сауда министрі Рухсар Пекджан, Әділет және даму партиясы төраға орынбасары Махир Үнал, Әділет және даму партиясы мәлімдемешісі Өмер Челик, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және президенттік аппараттың мәлімдемешісі Ибрахим Калын орын алды.

Әуе базасынан «Willard Hotel» мейманханасына өткен Ердоған мен жұбайын түріктер азаматтары қарсы алды. Ердоған өзін қарсы алуға келген азаматтармен амандасты.

Ердоған алдымен «Willard Hotel»-де болып өткен АҚШ Сауда палатасы, Сыртқы экономикалық ынтымақтастық кеңесі және Түркия-АҚШ жұмыс кеңесі ұйымдастырған дөңгелек үстел жиналыстарына қатысты.

Баспасөзге жабық өткен жиналысқа Сыртқы істер министрі Мевлүт Чавушоғлу, Қазына және қаржы министрі Берат Албайрак, Ұлттық Қорғаныс министрі Хулуси Акар, Сауда министрі Рухсар Пекджан, Коммуникация басқармасы төрағасы Фахреттин Алтун және президенттік аппараттың мәлімдемешісі Ибрахим Калын да қатысты.



Ұқсас жаңалықтар